399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл тұрғыны қақпақтардан картина жасайды

  • 68
  • UPD: 09:05, 23.05.2020

Петропавл қаласының тұрғыны Владислав Волошин бөтелкенің қақпағынан ерекше картиналар жасайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оның ауласында неше түрлі жан-жануардың бейнесі бар.

 Владислав Волошин кезекті картинасына кірісіп кетті. Қолы қалт ете қалса, осылай бөтелкенің қақпақтарын шегелеп, түрлі бейнелер салады. Қазір оның ауласына әтеш, бақа, ит, дельфиндер көрік беріп тұр.  

Владислав Волошин, қала тұрғыны:

– Бұл менің соңғы жұмыстарымның бірі. Бас-аяғы 2 мыңдай қақпақ кетті. Басында қиын болды. Сосын жігерімді жанып, салып шықтым. Әдемі ат шықты.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Он саусағынан өнер тамған шебер  үйге баратын осындай жол салып алған. Оған 3 мың 672 қақпақ кеткен.

Екі жылда бірде – біреуі сынбаған. Шебер бұл іске осыдан 3 жыл бұрын ден қойған. Әйелі де қолөнер бұйымдарын жасайды. Енді балаларын баулып жүр.

Эльвира Волошина, қала тұрғыны:

– Бұл іске отбасымызбен кірісеміз. Балалар қақпақ, бұрама шеге беріп тұрады. Мен де көмектесемін. Бір сөзбен айтқанда, бос уақытты бәріміз бірге өткіземіз.

Картиналар көздің жауын алады. Владислав оларды сатқан емес. Бұл оның жан-дүниесімен істейтін ісі.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы