399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көмекке мұқтаж 1,7 мың отбасына азық-түлік таратылды

  • 96
  • UPD: 10:16, 23.05.2020
Алматыда көмекке мұқтаж 1,7 мың отбасына азық-түлік таратылды bilimdinews.kz

Nur Otan партиясының алматылық филиалы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партияның алматылық филиалы «Metall Prom» ЖШС бас директоры, партия мүшесі Абдухалил Долкунтаймен бірлесіп Елбасының бастамасымен жалғасып келе жатқан #BizBirgemiz акциясы аясында 1 700 аз қамтылған отбасына 51 тонна азық-түлік жеткізді. Әр отбасына 30 келі азық-түлік берілді. Онда ұн, макарон, сұйық май, күріш, қарақұмық пен қант бар.

«Елбасы жариялаған #BizBirgemiz акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек беру мақсатында қаражат бөліп, 1 700 отбасына бардық. Бұл акцияға Jas Otan жастар қанатының волонтерлері қосылды. Олар азық-түлікті көрсетілген үйлерге жеткізуге көмектесті. Оларды қажетті қорғаныс құралымен қамтамасыз еттік», – деді Д. Абдухалил. Өз кезегінде осындай қолдауға ие болған, ІІ топтағы мүгедек қызды тәрбиелеп отырған Рәбиға Әлмағамбетова Елбасының #BizBirgemiz атты игі бастамасына, «Nur Otan» партиясы мен волонтерлерге өз алғысын білдірді.

Айта кетейік, азық-түлік тарату кезінде барлық санитарлық норма сақталды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы