413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да көліктің өртенуі жиілеген

  • 50
БҚО-да көліктің өртенуі жиілеген

Батыс Қазақстан облысында автокөліктің өртенуі жиілеп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылы осы мерзімде 24 автокөлік жалынға шарпылса, биыл оның саны 28-ге жеткен. Ал тұрғын үй секторында жыл басынан бері 117 (өткен жылы осы мерзімде - 136) өрт болды.

Департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 22 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында «Фольксваген Пассат» автокөлігінің мотор бөлігі өртенген. Бұл туралы сағат 11.55-те хабар түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барған жоқ. Сол сияқты кеше Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында ешкім тұрмайтын үй (иесі бар) өртенді. Тасмағамбетов көшесіндегі 4А-үй өртеніп 42 шаршы метрді қамтыды. №23 өрт сөндіру бөлімінің күшімен (4 адам, 1 техника) «тілсіз жау» сағат 10.50-де оқшауланып, 11.35-те ауыздықталды. Қазіргі кезде екі өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

 

Хабар 24 телеарнасы