399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе байланысы жанданады

  • 98
  • UPD: 15:06, 23.05.2020
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе байланысы жанданады

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе байланысы тақауда қайта жандануы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер екі елдегі эпидемиологиялық ахуал қайта күрделеніп кетпесе, маусым айының екінші жартысында ұшақтар аталған екі бағыт бойынша ұша бастайды. Бұл туралы еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен оның түркиялық әріптесі Әділ Кара-Исмаилоғлы талқылаған еді. Айта кетерлігі, 2020 жылдың алғашқы үш айында екі ел арасындағы көлік тасымалы 42 процентке артқан. Бұдан бөлек, Транскаспийлік халықаралық көлік бағыты бойынша транзиттік тасымал көлемі де екі есе көбейген.

Хабар 24 телеарнасы