399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылуы мүмкін

  • 94
  • UPD: 18:50, 23.05.2020

Елордада тұрғындар санитарлық талаптарды сақтамаған жағдайда қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір автобустар таңғы алтыдан түнгі онға дейін жүреді. Таңертең жолға шығар алдында қоғамдық көліктерге міндетті түрде дезинфекция жасалады. Аялдамаларға да залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Төтенше жағдайға дейін жолаушылар ағыны 700 мыңнан асатын болса, қазір 300 мыңның айналасында. Естеріңізге сала кетейік, карантинге байланысты жолаушыларға автобуста бетпердесіз жүруге тыйым салынған. Десе де, тұрғындардың көбі ол талапты елемей,, өзіне де, өзгеге де қауіп төндіруде. 

Хабар 24 телеарнасы