411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есіл қаласында балалар кітапханасы ашылады

  • 179
  • UPD: 08:30, 24.05.2020
Есіл қаласында балалар кітапханасы ашылады

Ақмола облысының Есіл қаласында балалар кітапханасы ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін қазір аудандық кітапхананың жанындағы ескі ғимарат қалыпқа келтіріліп жатыр. Ал, бұл мақсатқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 70 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Нысан жаңартылған соң мұнда 25 орынға арналған оқу залы мен түрлі іс-шаралар өткізетін бөлмелер болады.

«Оқушыларға арналған 35 мың дана кітап қоры да бар», - дейді, мамандар. Жалпы Ақмола облысында балалар кітапханасы саусақпен санарлық. Сондықтан кітапханашылар «бұл өте қуантарлық жағдай», деп отыр.

Алма Омарова, Есіл аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жетекшісі:

- Бізде негізі балалар кітапханасы бар. Бірақ ол аудандық кітапхананың бір бұрышында ғана орналасқан. Ешқандай талапқа сай келмейді. Жаңа ғимаратта өлкетану мұражайын ашуды да жоспарлап отырмыз. Оған да қоятын жәдігерлеріміз жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы