418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда балабақша директоры цемент пен құмнан түрлі пішіндер жасайды

  • 221
  • UPD: 09:03, 24.05.2020

Мектепке дейінгі білім ордасы ауласындағы барлық дүние Мереке Нұрмұханованың өз қолынан шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шебер басшы бұл іске бүгінде ата-аналар мен бақшадағы балаларды да баулып жүр.

Гүлмира Әбішева, тілші:

- Мереке Нұрмұханова ақ көйлек киген балеринаның мүсінін жасауда. Каркас, цемент, клей мен шүберек секілді кез келген қажетсіз болып қалған заттарды пайдаланады екен. Биші қызды дайындап шығаруға екі күнін жұмсаған. Мереке Нұрмұханова балабақшаны басқаруға 2 жыл бұрын келген. Сол уақыттан бері мүсін жасау сүйікті ісіне айналыпты.

Мереке Нұрмұханова, балабақша директоры:

- Тағайындалғаннан кейін ең бірінші күннен бастап осы балабақшаның ауласында балалар сүйіп қарайтындай ойыншықтардың жоқ екеніне көзім түсті. Содан ойыма әдемі бір саңырауқұлақтар жасау, бақалар жасау келді, балалар қарап соған сүйсінер деген ойға келдім. Ең бірінші жұмысым осы саңырауқұлақтан басталды. Балабақшаның аты Аққу, соған орай аққу жасадық.

Мереке Нұрмұханова түске дейін ата-аналарды қабылдау, әкімшілік жұмыстарды реттеу сынды шаруалармен кабинетінде болады. Қалған уақыты қолөнер шеберханасында өтеді. Ерекше пішіндер жасауды бақша қызметкерлеріне, ата-аналар мен балаларға да үйретіп жүр. Арнайы шеберлік сабақтарын өткізеді.

Мереке Нұрмұханова, балабақша директоры:

- Менің осы жұмыс жасаған кезде әрине бірінші демаласың да, мұндай жұмысты жасағанда. Жаның демалатын сияқты. Содан жұмысыңнынң нәтижесін көргенде жақсы әсер аласың, шабыттана түсетін сияқтысың осы жұмыста.

Балабақша ауласындағы 50-ге жуық мүсін мен пішіндер директордың қолынан шыққан туынды. Марғау мысық пен аққу, құстар мен қоңыздар, бақа мен шаян дейсіз бе, барлығын кездестіруге болады. Бақшаға келген кез келген адамды қызықтырары анық.

Ажар Нұримова, балабақша медбикесі:

- Бүгінде карантинге байланысты балаларды балабақша қабырғасында жабық ғимарат ішінде отырғызбай, осылай сыртқа далада, таза ауада мүсіндерді жасау, құрастыру, бояу, сырлау деген сияқты көп балалармен қызықты жұмыстар атқарылады. Соңында балалар өздерінің жасаған мүсіндерін бояп, оны көргенде өте қуанып қалады.

Қолөнер шеберханасы атанып кеткен балабақшада алдағы айларда Маңғыстауды мекен ететін аң-құстардың мүсіні пайда болады. Директор тағы 50-ге жуық пішін жасап, балаларды қуантуды көздеп отыр.

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Ренат Досалиев

Хабар 24 телеарнасы