418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар Ораза айт мерекесін өз шаңырақтарында қарсы алды

  • 226
  • UPD: 14:17, 24.05.2020

Ораза айт намазы Қостанай облысының мешіттерінде де оқылған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда Құран оқып, садақа берем деушілерге 30-дан астам мешіт аулаларында таңертеңнен арнайы шатырлар тігілді. Оның ішіне 10 адамға дейін кіруге рұқсат. Жалпы карантин жағдайында діни нысандарда түрлі рәсімдер тоқтаған жоқ. Имамдар қауымы жамағат көкейіндегі сұрақтарға мешіт сайттарында және әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы жауап беруді жалғастырып келеді.

Абзал Бейсекеев, А.Спанұлы атындағы облыстық мешіттің наиб-имамы:

- Халқымыз жалпы пітір садақа болсын, Рамазан айы мейрамы болсын, Айт күні болсын мешітке келуге үйреніп қалған. Барлығымыздың мешіттерімізге деген жүрегіміз байланған. Сондықтан халықтың осы жағын қарастырып, мешіттерімізде осындай шағын щатырлар тігілген. Сол жерде халықтың сұрақтарына жауап беріп, құран оқытып садақаларын қабылдап жатыр.

Қостанайлықтар таңертеңнен әркім өз шаңырағында Ораза айт мерекесін қарсы алды. Әр үйде шелпек, бауырсақ пісіріліп, мерекелік дастарқан жайылды. Қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізген Аллаға алғыс айтып, келесі Рамазан айына да есендікте жетуді тіледі.

Марғұлан Оспанов, қала тұрғыны:

- Айт намазын оқудан мешітте көпшілік жамағат болып, иық тіресе сәждеге бас қою арқылы көпшілікті құттықтап жататын мерекеміз жылдағыдан өзгеше болып қалыптасып жатыр. Бұл дегеніміз, орнап жатқан пандемияға өзіміздің қарсы екенімізді білдіру үшін де осындай отбасында отырып, оқшаулану арқылы осы аурудан елімізді құтқару мақсатында болып жатқан құбылыстар екенін жақсы сезіп, біліп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы