405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бірқатар көше жабылады

  • 148
Елордада бірқатар көше жабылады

Елордада жолдар жөнделіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан бірқатар көше жабылған. Ертең таңғы сағат 06:00-ге дейін Мәңгілік Ел – Керей, Жәнібек хандар көшелері қиылысындағы көлік қозғалысы шектеледі. Ал, 27 мамырға дейін Торайғыров көшесі бойындағы Сейфуллин – Жангельдин көшелерінде жөндеу жұмыстары жүреді. 29 мамырға дейін Сәтпаев көшесіндегі жолдар жөнделіп, Момышұлы даңғылынан Мұңайтпасов көшесі аралығында көлік қозғалысы шектеледі. Қалалық әкімдік тұрғындар мен қала қонақтарына «кептеліске түспес үшін бағытты алдын ала біліп алу қажет», дейді.

Хабар 24 телеарнасы