405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» агенттігінің қызметкерлері COVID-19-ды анықтау бойынша тест тапсырды

  • 196
  • UPD: 15:39, 24.05.2020

«Хабар» агенттігінің қызметкерлері коронавирусты анықтау бойынша сынама тапсырды.

Алдымен алдыңғы шепте жүретін тілшілер мен операторлар, продюсерлер мен редакторлардан анализ алынды. Себебі, карантин кезінде де бұл адамдар тікелей эфирде үздіксіз жұмыс істеген болатын. Тест қорытындысы ертең белгілі болады.

Естеріңізде болса, бұған дейін «Еуразия» арнасының қызметкерлері COVID-19 анықтайтын сынама тапсырған еді. Нәтижесінде екі қызметкердің індет ілмегіне ілінгені белгілі болған. Осыдан кейін «Қазмедиа» орталығында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ал, ғимаратқа 7 маусымға дейін кіру шектелді

Хабар 24 телеарнасы