405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында карантин 8 маусымға дейін ұзартылды 

  • 271
  • UPD: 18:18, 24.05.2020
Атырау облысында карантин 8 маусымға дейін ұзартылды 

Атырау облысында карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған байланысты аймақ орталығындағы блок-бекеттер жұмысын жалғастыра береді. Себебі шалғайдағы аудандардан да коронавирус анықталып отыр. Көлік қозғалысы мен жолаушы тасымалына шектеу бар. Бүгінде Мақат ауданында 7, Жылыой ауданынан 2-еу және Исатай ауданынан 1 адамнан жұқпалы ауру анықталған. Тағы бір айта кетерлігі, 23 мамырдан бастап Мақат ауданында да карантин жарияланды. 

 

Хабар 24 телеарнасы