418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрмеде туған туынды: жазасын өтеуші Абайдың мүсінін жасады

  • 212
  • UPD: 21:50, 24.05.2020

Түрмеде де шеберлер көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петропавлдағы ЕС – 164 / 3 түзету мекемесінде жазасын өтеушінің бірі ұлы Абайдың мүсінін жасады. Бұл – Қайрөш Айтбаевтың ақынның 175 жылдығына арнаған тартуы.

Қайрөш Айтбаев 5 жылға сотталған. Түрмеде оның шығармашылық қыры ашылып, гипстан неше түрлі мүсіндер жасай бастады. Солардың бірі, қазақтың Ұлы ақыны Абайға арналған.

Қайрөш Айтбаев, жазасын өтеуші:

– Абайдың 175 жылдығына. Гипстан көп уақыт жасаған жоқпын. 3 күн ішінде. Кәртішкеге қарап салдым. Бірақ та бұрын мектепте көп оқығанбыз. Абайдың түрі көз алдымда ғой.

ЕС 164/3 түзету мекемесінде 20 шақты сотталған шығармашылыққа ден қойған. Бірі ағаштан түйін түйсе, енді бірі пластик бөтелкеден қақпа торын, балық аулауға арналған құрылғылар тоқиды. Сурет салатын қылқалам шеберлері де бар.

Рүстем Рахметов, облыс бойынша ҚАЖД ЕС – 164/3 мекемесі бастығының орынбасары:

– Кейбір сотталушы осында келіп, өз өнерлерін арттырып жатыр. Және осында үйреніп жатыр деуге болады. Сотталғандардың салауатты қарым-қатынастарын қалыптастыруға, түзелуіне көмек береді. Және де уақыттарын тиімді өткізеді.

Қолөнер шеберлерінің бұйымдары көздің жауын алады. Кейбір туындылар түрлі байқауларда үздік атанған. Ең бастысы, бостандыққа шығар күнді жақындатады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы