418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында бір жасқа толмаған сәбиге КВИ жұққан

  • 238
  • UPD: 23:27, 24.05.2020
Алматы облысында бір жасқа толмаған сәбиге КВИ жұққан

Кейінгі тәулікте Алматы облысында тағы 6 адам індет жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 6 жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласы мен Ескелді және Талғар аудандарының әрқайсында 2 фактіден анықталды. Пациенттер 1950, 1989, 1989, 1995, 1996, 2020 жылы туған. Оның төртеуі – бұған дейін вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, қалған екеуінің сырқаты профилактикалық тексерілу барысында белгілі болды. Сырқаттардың барлығы оқшауланып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылған. Эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда. 24 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 284 болды.

Хабар 24 телеарнасы