405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында тағы бір аудан орталығы газдандырылады

  • 150
  • UPD: 08:43, 25.05.2020

Қармақшы ауданының Жосалы кентін көгілдір отынға қосу жұмыстары өткен жылы басталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантиндік шектеулерге байланысты жоба құрылысы бірнеше күнге тоқтап қалған болатын.

Бүгінде бұл жұмыс қайта жанданып, межелі көлемнің жартысынан көбі еңсерілген. Жалпы жоба құны 3 млрд 200 миллион теңге болса, оның бүгінде 1 милиард 700 миллион теңгесі игерілген. Мамандар алдағы жылу маусымына дейін кенттегі барлық әлеуметтік нысан мен 7 мектепті табиғи газға қосуды көздеп отыр.

Айта кетейік, Бейнеу-Бозой-Шымкент газ магистралі салынғалы облыстың 4 аудан орталығы мен Байқоңыр қаласы газдандырылған болатын. Сондай-ақ бірнеше ауылдық елді мекен де көгілдір отын игілігін көріп отыр.

Медет Ұсайын, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

– Қалған 1,5 млрд теңге қаржыны тамыз айына дейін толық игеріп, құрылыс жұмыстарын 100 пайыз толық бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы 160 шақырым газ құбырының 130 шақырым құрылыс жұмыстары аяқталды. 6 ГРП-ның 3-еуі орнатылды. Газды сол қыркүйек айында береміз деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы