405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық көліктегі ахуал: тікелей қосылым

  • 131
  • UPD: 12:42, 25.05.2020

Елорда тұрғындарының карантин жағдайында өмір сүріп жатқанына бүгін – 68-күн, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін бірқатар шектеу алынды. Алайда қоғамдық көліктегі тәртіп әлі де өзекті болып отыр.

Бұл 12-бағыт бойынша жүретін автобус. Қоғамдық көлік екі маңызды нысанды жалғап тұр. Әуежайдан шығып, Нұр-Сұлтан 1 вокзалына дейін қатынайды. Сондықтан бұл автобуста жолаушы үнемі көп болады. Біздің бұл бағытты таңдауымыздың себебі де осы.

Осыдан бірнеше күн бұрын бас қалада қоғамдық көлік тоқтауы мүмкін деген ақпарат тарады. Соның әсері болса керек, автобустағы жолаушылардың барлығы тұмшаланып алған. Жалпы соңғы кездері маскасыз жүргендер едәуір азайған көрінеді. Мұны бақылаушы да, жолаушы да байқапты.

Дегенмен тәртіпке бағынғысы келмейтін азаматтар да ара-тұра кездесіп тұрады. Бақылаушылар оларға қатаң шара қолдана алмайды, есесіне автобустан түсіруге, тіпті кіргізбей қоюға құқы бар.

Мұхаммед Мұздыбай, бақылаушы:

– Еске салайық, бас қалада қоғамдық көлік 12 мамырдан бастап жүре бастады. Алайда өткен аптада сақтық шараларына немқұрайлы қараған жолаушының көбеюіне байланысты автобус тоқтауы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Сондықтан жауапты компания өкілдері астаналықтарды қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырып отыр.  

Сақтық шараларын тағы бір мәрте еске түсіріп алайық. Қоғамдық көлік жүргізушісі міндетті түрде медициналық маска мен қолғап киюі тиіс. Бұл талап автобусқа мінетін жолаушыларға да қатысты. Алайда өкінішке қарай кей азаматтардың автобусқа маскасыз кірмек болғанына куә болдық. Бұдан бөлек, ескерілмей отырған тағы бір талап – автобуста тұрып тұрған жолаушылардың көп екенін байқадық. Аялдамадағы тәртіпке жауапты мамандардың айтуынша, талапқа бағынғысы келмеген жолаушы көптеп кездеседі екен. Алайда оларды қоғамдық көліктен шығарып тастауға және қандай да бір шара қолдануға бұл мамандардың құқы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы