432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әкімі блок-бекетте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты

  • 460
  • UPD: 11:21, 25.05.2020
Алматы әкімі блок-бекетте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты Полиция.кз

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев блок-бекеттегі жол апатынан қаза тапқан екі полиция қызметкерінің туған-туыстарына көңіл айтты.

«Блок-бекетте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жол апаты оқиғасынан қаза болуына байланысты отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды Сағынтаев өзінің twitter-дегі парақшасында.

Алматыда мас жүргізуші бақылау бекетін қағып өтіп, оқыс оқиғадан екі полиция қызметкері қайтыс болғанын естеріңізге сала кетейік. Тәртіп сақшысының бірі оқиға орнында тіл тартпай кетсе, екіншісі ауруханада көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы