405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарашығанақ кенішінде карантиндік шектеу шаралары енгізілді  

  • 159
  • UPD: 11:42, 25.05.2020
Қарашығанақ кенішінде карантиндік шектеу шаралары енгізілді  

Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнының қызметкерінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қазір кеніш аумағында карантин енгізілді. Шектеу шаралары маусымның 5-іне дейін созылады. Осы уақытта кеніш аумағына тек өндірісті қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлердің көліктері ғана кіріп-шыға алады. Сонымен қатар кешкі 7-мен таңертеңгі 7-ге дейін жұмысшылардың кеніште немесе вахталық ауылдар арасында жүруіне тыйым салынды. Жұмысқа жаңадан келгендер ауысымға тек тексеріс нәтижелері дұрыс болғанда ғана жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы