Ақтөбе облысына қарасты Темір ауданы Шұбарқұдық ауылы Жаңақұрылыс көшесіне орналасқан №1 жеке үйдің кіреберісі және шатыры өртенген.
Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының мәліметінше, хабарлама келіп түскен бойда өрт орнына Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №16 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 6 адам, 2 автокөлік аттанған.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті байқаған көршісі Медет Қалмұханов терезені сындырып, үй ішіне кірген. Ұйықтап жатқан 7 адамды, оның ішінде 3 бала, 1 жүкті әйелді далаға шығарған.
Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі төрт минут ішінде жетті.