405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда терек мамығы өрттің жиіленуіне себеп болуда

  • 123
  • UPD: 15:11, 25.05.2020
Павлодарда терек мамығы өрттің жиіленуіне себеп болуда

Павлодарда ауаның температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ескерту хабарламалар таралып жатыр. Құрғақ күн райы өрт оқиғаларының жиілеп кетуіне әсерін тигізуде. Сондай-ақ теректердің мамық шашу кезеңі жағдайды күрделендіріп жіберген. Бұл маусымдық құбылыс әдетте бір айға созылады. Қатты нөсер жаумай басылмайды. Сондықтан сақтық шараларын күшейтуден басқа амал жоқ дейді мамандар. Биыл жаз маусымы басталмай жатып облыстың өртке қарсы күрес қызметі күшейтілген кестеге көшті. Өткен тәуліктерде кезекшілік пультке өрт туралы 139 рет шақырту келіп түскен. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар тілсіз жаудың шығуына балалардың мамықты жағып ойнауы мен сөндірілмеген шылымның тұқылы себеп болып жатқанын айтады.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД басшысы:

– Соңғы сенбі, жексенбі күні департаментке 139 хабарлама келіп түсті. Оның 14-і өрт оқиғасы, 15-і жану оқиғалары. Соның тек 49-ы – терек мамығының өртенуі. Тек жексенбі күні 37 осындай жағдай болды. Қазірдің өзінде 30 градус ыстық.

Хабар 24 телеарнасы