430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тез бұзылғыш көкөніс пен жеміс-жидекке карантиндік сертификат үш сағатта берілетін болды

  • 604
  • UPD: 19:21, 25.05.2020
Тез бұзылғыш көкөніс пен жеміс-жидекке карантиндік сертификат үш сағатта берілетін болды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ережеге түзетулер енгізді. Енді тез бұзылатын карантиндік өнімдерге (жемістер, жидектер, көкөністер мен бақша өнімдеріне) фитосанитарлық және карантиндік сертификаттар үш сағат ішінде беріледі, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Бұл түзетулер карантиндік және фитосанитарлық сертификаттарды беру мерзімдерін 5 жұмыс күнінен 3 сағатқа дейін қысқартуды қарастырады.

Бұрын-соңды болмаған мұндай құжаттарды жылдам рәсімдеу кәсіпкерлерге үлкен көмек. Фермерлер мен саудагерлердің тез бұзылатын ауылшаруашылық өнімдерін сақтауға және тасымалдауға байланысты шығындарын да азайтады.

Тез бұзылатын өнімдерге (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша өнімдері) сертификаттарды жылдам рәсімдеу мен берудің негіздері:

– ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өтініштері;

– карантиндегі өнімнің ауыл шаруашылығы өндірушілері өтінім берген күнге дейін 2 күн бұрын алған импорттық фитосанитарлық талаптарға сәйкестігін растайтын фитосанитарлық сараптама қорытындысы.

Әділет министрлігінің ескертуіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік нысандардан және бөтен түрлерден қорғау ережелері өзгертіліп, мүдделі мемлекеттік органдарға қайта бекітуге жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы