411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент елорда әкіміне баспана мәселесін шешуді тапсырды

  • 128
  • UPD: 18:20, 25.05.2020
Президент елорда әкіміне баспана мәселесін шешуді тапсырды tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде қаланың әлеуметтік-экономикалық қаралды. Шаһар басшысы «биыл елордада 8 мың пәтер қолданысқа беріледі», деді.

Бірінші кезекте үй кезегінде тұрған және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар баспаналы болады. Бұл ретте Президент құрылыс қарқынын арттырып, үлескерлердің мәселесін тездетіп шешуді тапсырды.

Одан бөлек, қызметінен қысқарған қала тұрғындарын жұмыспен қамту қажеттілігі айтылды. Үш ауысымдағы мектептердің мәселесі де көп ұзамай шешімін табуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде, мектептер мен оңалту орталығын салу, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу, көшелерді, тұрғын үй алаптары мен қоғамдық орындарды абаттандыру секілді жұмыстарды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы