422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда бетперде тақпағандарға 1 млн 389 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

  • 389
  • UPD: 21:40, 25.05.2020
Алматыда бетперде тақпағандарға 1 млн 389 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны бір күнде 7% асса, карантин тәртібі қайтадан күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді. Ал, жағдай ушықпасын десек, қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтап, бетперде тағу міндет. Бетпердеңіз жоқ болса, алғашында ескерту жасалады. Қайталанған жағдайда айыппұл салынады. Әзірге шаһарда вирус жұқтырғандар саны 5%-тен аспаған. Сол себепті бірқатар тамақтану орындары, қонақ үйлер, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен сауда ойын-сауық орталықтары ашылып, 250 мың адам жұмысқа кірісті.

Жандарбек Бекшин, қалалық мемлекеттік бас санитарлық дәрігер:

- Бетперде тақпай, карантин тәртібін бұзған азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл 13890 теңгені құрайды. Өз мекемелеріне бетперде тақпаған азаматтарды кіргізген тұлғалар да әкімшілік жауапқа тартылады. Егер ол шағын бизнес болса, 100 айлық есептік көрсеткіш – 277 мың 800 теңге. Ал орта бизнес нысандарында бетпердесіз жүргендер үшін 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ ірі кәсіпкерлік нысандардың иелеріне бетперде тақпағандарды кіргізгені үшін 1 миллион 389 мың теңге айыппұл салынады.

 

Хабар 24 телеарнасы