410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да күн шыжып тұр

  • 130
  • UPD: 08:19, 26.05.2020
ШҚО-да күн шыжып тұр

Шығыс Қазақстанда биылғы көктем ерекше басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәуірдің соңғы аптасында ауа температурасы +30 градустан жоғарылады. Мамыр айында да  аптап ыстық болып тұр. Мәселен, бірнеше күн бұрын Бесқарағай ауданында сынап бағанасы +35 градусқа жеткен.  Ал облыс орталығында 30-33 градус ыстықты көрсетіп тұр. Күн райындағы бұл өзгеріс тұрғындарға ұнап жатқаны рас. Өйткені әдетте осы уақытта жауын-шашын жиілеп, көпшілік күннің ысуын асыға күтіп жүретін. Теректің мамығы да  бұрынғыдан ерте ұшып, жұрттың мазасын қашырып жатыр. Бұл өз кезегінде өрттің артуына ықпал етіп отыр. Тек өткен демалыста облыста 163 өрт тұтанған. 70-тен астам жағдайда тілсіз жау теректен тарап жатқан ақ ұлпаға от тигізу салдарынан болыпты.

Надежда Говоркова, синоптик:

– Біз үшін  бірден күннің күрт ысып, сынап бағанасының жоғарлап кетуі әрине,  қалыпты емес, бұған қоса қазір жауын шашын аз.Сондықтан  далада ауа құрғақ, қапырық. Осыған орай, біз тіпті  өрт қауіптілігі жоғары екендігін де ескерттік. Мына терек мамығы да биыл жылдағыдан ерте тарады. Әдетте, бұл құбылысты шілденің басында байқайтынбыз, биыл міне, мамырда мамық басып жатыр

Хабар 24 телеарнасы