425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

СҚО-да суға шомылу маусымы ашылды

  • 656
  • UPD: 08:19, 26.05.2020
СҚО-да суға шомылу маусымы ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында ресми түрде суға шомылу маусымы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай төтенше жағдайлар департаментінің мамандары күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Қазір өңірде шомылу үшін арнайы жабдықталған 58 орын дайындалды. Оның екеуі Петропавл қаласында. Бұл ретте құтқарушылар рұқсат етілмеген жерлерде суға түсу аса қауіпті екендігін тағы бір мәрте ескертеді. Ережелерді елемей, талапты орындамағандарға полиция қызметкерлері әкімшлік айыппұл салады. Себебі былтыр өңірде 12 адам суға кеткен.

Елена Уласевич, қала тұрғыны:

– Кеше су салқындау болған. Бүгін тамаша. Отбасымызбен екінші күн қатарынан келіп, демалып жатырмыз. Балаларымыз қатаң бақылауда. 

Игорь Жуков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Күн жылыды. Жаз ерте шықты. Аптаның алғашқы күніне қарамастан шомылуға келген адамдардың санында шек жоқ. Былтыр өңірде 12 адам суға батып кетті. Олардың барлығы рұқсат етілмеген жерде шомылғандар. Оның үстіне көктемде екі балықшы судан ажал құшты. Сондықтан жағалауларда сақтық шараларын күшейтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы