423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкжайлаудағы көргенсіздік

  • 339
  • UPD: 14:48, 26.05.2020

Алматылық жастар карантин кезінде Көкжайлауда сауық-сайран құрып, табиғат аясын әбден ластаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде қала белсендісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, демалушылардың өрескел әрекетін әшкереледі. Қазір осы мәселе бойынша Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Тәртіп бұзып, ауаны ластаған азаматтар әкімшілік қана емес, қылмыстық жазаға тартылуы әбден мүмкін.

Көкжайлаудағы көргенсіздік көпшіліктің ашу-ызасын туғызды.  Біріншіден, Іле Алатауының ең көрікті жеріне көлікпен баруға тыйым салынған.  Екіншіден,  демалушылардың  ол жерді қалай ластап кеткенін көрсеңіз төбе шашыңыз тік тұрады.  Бұл көрініске бірінші Алматылық тұрғын Нұрбол Нұрәлин куә болыпты. Саламатты өмір салтын ұстанатын Нұрбол әр жексенбі күндері табиғат аясында серуендейді екен. 

Нұрбол Нұрәлин, қала тұрғыны:

– Жатқан жерінде палаткада адамдар түнде үлкен дәретке барған. Өз артынан жинамаған. Көп қоқысты көргенде жүрегім айналды. Шынын а йтсам. Содан инстрагамға жаздым.  Басқа адамдар барады. Кішкентай балалар барады. Үлкен кісілер барады. Шетелден қонақтар келеді. Содан темекі шегуге, арақ ішіп, қоқыс тастауға болмайды.

Нұрболдың айтуынша, демалушылардан кейінгі қоқыстарды тазалау қиынға соққан.  Ішімдік бөтелкелері мен, ыдыс аяқтар, қағаз бен тамақ қалдықтарын да жинамаған.

Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:

– Бұл деректі Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері текс еру үстінде. Полицияға бұл жайт бойынша 102 пультіне дер кезінде түскен жоқ. Біз бұл жайт туралы әлеуметтік желілерден енді біліп, міндетті түрде заң аясында шара қолданамыз. Яғни, қоқыс тастаған және карантин кезінде осындай жұртты жинағаны үшін азаматтар міндетті түрде заң алдында жауап береді.

 Қала төрінде сауық-сайран құрғандар санитарлық талаптарды да сақтамағаны көрініп тұр. «Оларға демалуға кім рұқсат берді, бақылау бекетінен қалай өтті?» деген мәселе  қазір анықталып жатыр.

Ерлан Қожағапанов, қала әкімінің орынбасары:

– Бұл – ұлттық парк.Өздеріңіз білесіздер,   ұлттық паркке ешкімге рұқсатсыз кіруге болмайды. Оның ішіне бұл кісілер көп адам жинап, концерт өткізіп, қоқыс төгіп кеткен. Бұл –болмайтын жағдай. Сондықтан бұл азамттардың үстінен нақты іс қозғалады.

ҚР экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі тау бөктерінде сауық құрғандардың жол талғамайтын көліктегі жүргізушісіне 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады. Таза ауада демалғысы келетіндер табиғатты аялап, тазалық сақтауды естен шығармаса екен дейміз.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы