423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда көпшілік жиналатын орындарда маска кимегендер әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін

  • 389
  • UPD: 18:19, 26.05.2020

Алматыда да көпшілік жиналатын орындарда маска кимей жүрген адамдар әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімдігі осындай ескерту жасады. Санитарлық ереже жалпыға ортақ. Бірақ қала тұрғындары сақтық шараларын ұстана ма?

«Бетпердені тағып жүру міндетті» деген қатаң ескертуді тұрғындардың бірі естісі, кейбірі мүлдем елемейтін көрінеді.Өйткені, автобусқа отырғандар арасында масканы таққаны, да тақпағаны бар. Ал көлік жүргізушілері басшылық тапсырмасын ұстанамыз дейді. 

Қалада карантин тәртібі жайлап жеңілдетілуде. Кешеден бері 4 мыңнан астам мекеме жұмысын бастады. Мыңдаған адам жұмысына қайта оралды. Бірақ коронавирус жұқтыру дерегі бәсеңсіген жоқ. Автобуста ауру жұқтырып алу қаупі жоғары екенін тұрғындар естен шығармауы керек. Ал бетпердесіз отырғандарға айыппұл арқалату ерте деп санайтындар да бар.

БЛИЦ:

– Қай кезде кию керек екенін білу керек. Дұрыс.

– Маршрутқа отырғанда және көпшілік орында тағамын. Одан кейін түскен кезде шешіп қоямын. Айыппұл төлеген дұрыс емес. Ескерту жасалуы керек шығар. 

Алмас Садуақас, тілші:

– Әрине, бетпердені тағу-тақпай әркімнің өз еркінде. Алайда барлығына ортақ санитарлық талап бар. Маскаңыз міндетті түрде болу керек. Ал автобусқа маскасыз мінсеңіз, 14 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуіңіз мүмкін.

Шағын, орта және ірі бизнес санатына кіретін мекеменің немесе кәсіпорының басшылары бетперде тағу тәртібін қадағаламаса, әкімшілік жауапқа тартылады. 300 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Сондықтан базар, ірі сауда-саттық кешендері, банк пен дәмханаға барсаңыз да маскаңызды ұмытпағаныңыз абзал.

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы