425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батысқазақстандық ассамблея мүшелері Мақтааралға көмек көрсетті

  • 227
  • UPD: 17:21, 26.05.2020
Батысқазақстандық ассамблея мүшелері Мақтааралға көмек көрсетті

Батыс Қазақстан облысының ассамблея мүшелері Мақтаарал ауданына көмек қолын созды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі түрлі этномәдени бірлестік өкілдері топан судан зардап шеккен жерлестерімізге 20 тоннадай өнім жинапты. Бүгін жөнелтілген жүктің ішінде құрылыс материалдарымен қатар, азық-түлік, киім-кешек, төсек-орыны да бар. Апат айтып келмейді. Осындай қысылтаяң шақта бір ел, бір халық екенімізді танытып, ауыртпалықты бірлесе еңсеруіміз керек дейді елдің естілері. Жомарт жүректі азаматтарды ағайынның басындағы қиындыққа бей-жай қарамауға шақырды.

Медғат Қамбетов, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы:

– Діттеген мақсатымыз – Түркістан облысында болып жатқан қиындықтарда бірге екенімізді көрсету. Бұл біздің ассамблея мүшелерінің өзінің ұсыныстары бойынша, өтініштері бойынша қолдау көрсетіп жатқан игі іс.

Хабар 24 телеарнасы