418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ережелер сақталмаса, карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін – Бас санитар дәрігер

  • 213
  • UPD: 17:21, 26.05.2020
Ережелер сақталмаса, карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін – Бас санитар дәрігер

Індетті жұқтырған азаматтардың 70% ауру белгілері байқалмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте 438 жағдай тіркелді. Оның 88% профилактикалық тексерісте екені анықталды. Ал 10% ауруханаға жүгінген тұрғындар және 8% шетелден келген адамдар. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мәлімдеді. Қазіргі кезде ауру белгісі байқалмайтын науқастар үш күн жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Егер олардың анализдері жақсы болса, үй карантинінде болады деді ол. Сондай-ақ азаматтар сақтық шараларын ұстанбаса, қатаң карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы