432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19 науқасымен байланыста болғандар екі топқа бөлінеді – Бас санитар дәрігер

  • 382
  • UPD: 17:32, 26.05.2020
COVID-19 науқасымен байланыста болғандар екі топқа бөлінеді – Бас санитар дәрігер

Қазақстанда коронавирус науқастарымен байланыста болғандарға қатысты жаңа тактика қолданылады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа Қаулы арқылы науқаспен байланыста болғандарға қатысты тактиканы өзгерттік. Оған өзіміздегі және халықаралық тәжірибелер көмектесті. Бұған дейін коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды бөлмей жалпы қарайтын едік. Енді оларды жақын байланысқандар және ықтимал байланысқандар деп екіге бөлдік. Жақын байланыста болғандар – науқаспен бір жарым метрден де аз қашықтықта 15 минутқа дейін бірге болғандар. Ықтимал байланыс – науқаспен жабық ғимаратта, бір жарым метрден алыс қашықтықта 15 минуттан астам уақыт бірге болғандар», - деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін жақын байланыста болғандар міндетті түрде ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарға жіберілетін еді. Бұл тактика да өзгеріп, 14 күндік карантинді өз үйінде өткізу мүмкіндігі берілді. Ал ПТР тестілеу карантиннің басында және соңында жүргізіледі. Бұл ретте азаматтар 14 күн үйде карантиндік режимді сақтайтыны туралы қолхат жазуы керек.

«Ықтимал байланысушылар да анықталған сәтте ПТР тестілеуден өтеді. Бірақ оларға бұрынғыдай 14 күн оқшаулану талабы қойылмайды. Олар міндетті түрде тестілеуден өтеді, бірақ ауру белгілері пайда болған жағдайда дәрігерге хабарлау туралы қолхат беруі тиіс. Яғни олар емін-еркін жүріп-тұрады, бірақ өз денсаулығын жіті қадағалауы тиіс», - деді А. Есмағамбетова.

Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Қазақстан әуежайларында өзге елде жүргізілген ПТР тестінің нәтижесі қабылданатынын хабарлаған еді.

Хабар 24 телеарнасы