420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Bek Air» компаниясына қатысты сот отырысы өтіп жатыр

  • 357
«Bek Air» компаниясына қатысты сот отырысы өтіп жатыр

«Bek Air» компаниясының ұшақ апатынан кейін жолаушылар алдындағы берешегі қырық сегіз миллион теңгені құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы іске қатысты сот отырысы Алматыда онлайн өтуде. Шағымданушы тараптан тұтынушылар құқын қорғау комитетінің өкілі Әлихан Шәкеновтың айтуынша, әуе компаниясына қатысты 720 адам шағым түсірген. Атап айтқанда, жолаушылар ұшаққа 1354 билет сатып алған. Алайда жауап беруші жақ бұл санмен келіспейді. Сондықтан жауапкер соттан билеттерді сатып алуға қатысты барлық тарифтер мен шарттардың толық көшірмесін беруді сұрады. Тек сонда ғана әуе компаниясының жолаушыларға қайтаруы керек сомасын нақтылауға болады. Сот екі тарапқа да келесі сот отырысына тиісті құжаттарды әзірлеуді міндеттеді. Келесі сот отырысы 6 маусымда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы