411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық диқандар 5 млн гектар алқаптың 66% процентіне тұқым септі

  • 115
Қостанайлық диқандар 5 млн гектар алқаптың 66% процентіне тұқым септі

Қостанай облысының диқандары 5 миллион гектар алқаптың 66 процентіне тұқым сеуіп үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы науқанға күн райы да қолайлы болып тұр. Жауын-шашынның айлық нормасы бір жарым есе көп түскен. Былтыр қуаңшылыққа ұшырап, шығынданған диқандар қазіргі ахуалды жақсылыққа балайды. Себебі ылғалдан егінге зиян жоқ. Көктемгі егіс жұмыстары үшін мемлекеттен 21 миллиард теңге бөлінген. Арзандатылған жанар-жағармай көлемі – 71 мың тонна.

Есімжан Баймаханов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

– Қазір облыста ең жоғары егу жұмыстары облыстың оңтүстік аудандарында. Атап айтсақ, Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Жітіқара аудандарында жүргізілді. Егіс кешендерінің күнделікті өнімділігі жоғары. Күніне 100 гектарға дейін барады. Сондықтан егіс жұмыстары оңтайлы мерзімде 1-3 маусым күндері аяқталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы