412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі хайуанаттар бағы енесінен адасып қалған бұланның бұзауын бағып отыр

  • 128
Өскемендегі хайуанаттар бағы енесінен адасып қалған бұланның бұзауын бағып отыр

Жануарды көлік жүргізушілері таулы аудандарға қатынайтын жол бойынан тауып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа туған төлді бірден қалаға жеткізіп, ветеринарлық орталыққа тапсырған. Ондағы мамандар сүт беріп ауыздандырып, толық аяқтанған соң қаладағы хайуанаттар бағына өткізді. Бақтағы мамандар оған «Ұмыш» деп ат қойыпты. Бұл сол төл табылған жердегі асудың атауы. Қазір кішкентай бұлан адамдарға бауыр басып, құрақұлақтанып қалды. Өздігінен отыға бастаған.

Хабар 24 телеарнасы