405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында тағы екі елді мекенде ірі қарадан бруццелез анықталды

  • 116
  • UPD: 22:41, 26.05.2020
Қостанай облысында тағы екі елді мекенде ірі қарадан бруццелез анықталды

Қостанай облысында тағы екі елді мекен – Науырзым ауданындағы Қожа және Қарамеңді ауылдарында ірі қарадан бруццелез анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауданда бұл мәселе өте өзекті. Облыс бойынша жыл басынан бері 900 бас мал бруцеллез жұқтырса, соның төрттен бірі осы Науырзымға тиесілі. Қазір ауру ошағы анықталған елді мекендерде республикалық эпизоотияға қарсы отряд жұмыс істеп жатыр. Мамандар сараптама алып, қосымша дезинфекция жүргізеді. Олардың айтуынша, шілде айына дейін жағдай тұрақталуы тиіс. Былтыр Науырзым ауданында бруцеллез салдарынан екі селолық округте шектеулер енгізілген болатын. Биыл бұл қатарға Қожа ауылы да қосылуы мүмкін.

Қабидолла Орманов, Науырзым ауданы әкімінің орынбасары:

– Ауру малды біз бірден оқшаулап, алып шығамыз. Дезинфекциялық шараларды ұдайы, мұқият жүргіземіз. Тек бір қиыны, тұрғындар тарапынан түсінбеушілік туындап жатады. Қыс мезгілі малдарын жасырып, көрсетпеуге тырысады. Бақылаусыз алыс-беріс тағы бар. Сосын жаз жайылымға шыққанда бір-бірне жұқтырады.

Хабар 24 телеарнасы