426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысының Жылыой ауданы карантинге жабылды

  • 339
  • UPD: 07:56, 27.05.2020
Атырау облысының Жылыой ауданы карантинге жабылды

Мұнда 17 науқас тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн сайын инфекция жұқтырушылар анықталуда. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай арнайы брифингке айтылды. Облыс әкімінің айтуынша, азаматтардың барынша оқшаулануының арқасында Атырау қаласында вирустың таралуына жол берілмеді. Ал ауылдағы көрсеткіш көңіл көншітпей отыр.

Махамбет Досмұхамедов, облыс әкімі:

- Өкінішке орай, вирус қазір біздің аудандарда анықталуда. Мақат кенті мен Жылыой ауданында карантин жарияладық. Жылыойда 17, Мақатта 7 жағдай тіркеліп отыр. Қауіп сейілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы