412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да COVID-19 жұқтырғандардың өсімі 9,2%-ке жеткен

  • 125
  • UPD: 08:18, 27.05.2020
БҚО-да COVID-19 жұқтырғандардың өсімі 9,2%-ке жеткен

Батыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте коронавирус дертінің 38 дерегі анықталып, өсім 9,2%-ке жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяу күндері аурудың таралу қарқыны тежелмесе, шектеу шаралары күшейтілмек. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері мәлімдеді. Арнайы брифингте сондай-ақ Орал қаласындағы балабақшалардың жабылу себебі де айтылды. Мектепке дейінгі мекемелерде кезекші топтар 20 мамырда ашылған еді. Алайда, №26 және №34 балабақша қызметкерлері коронавирус дертіне шалдыққан. Балабақшаларды аралап шыққан қалалық білім беру бөлімі қызметкерлері де ауырғандықтан, осы сала мамандары жаппай тексерістен өткенше мектепке дейінгі мекемелер уақытша жабылды. Бұдан бөлек, қалада 6 емхананың төртеуі жабық. Бұған дейін ашылған дүкен-базарлар әзірге жұмыс істеп тұрғанымен, қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілмек. Қоғамдық көліктерде де талаптар еш сақталмай келеді.

Мұқамғали Арысбаев, тауарлар мен көрсетілер  қызмет қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- Қазіргі кезеңде көпшілік толып автобусқа мінеді. Ешқандай біздің нұсқауларды орындамайды. Осыған байланысты біздер автобус парктеріне шара қолдануымыз керек. Осы бағытта қазір тексеріліп жатыр. Енді автобус жүргізушілеріне айттым ғой, ұйымдармен кездестім түсіндіру жұмыстарымен. Егер басқа да шара алмайтын болса, осылай жүре беретін болса, кейбір маршруттарды тоқтатуға мәжбүр боламыз.

Хабар 24 телеарнасы