418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында қарбыз пісті

  • 182
  • UPD: 12:15, 27.05.2020

Қазір диқандар қауымы гектарынан 25 тонна өнім жинап, Ресейге экспорттап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерте шыққан жеміс-жидектің сапасы қандай? Адам ағзасына қауіптілігі жоқ па?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Жетісай ауданын бақташылықтың Отаны деуге болады. Олай дейтініміз, жергіліктің жұрттың жартысы қауын-қарбыз егеді. Солардың бірі – Бегжігіт Мүйтенбаев. Биыл ол қарбыздың ерекше түрін өсіріп шығарды.

Бегжігіт Мүйтенбаев, фермер:

- Жетісай ауданындағы жалпы егістік алқабы – 78 мың гектар. Оның 14 мыңы қарбыз бен қауынға тиесілі. Олар жаздың басында жеміс береді. Қазір құлпынай, алмұрт, алмалар пісіп қалды.

Дархан Сраждинов, саудагер:

- Нитрат тест – барлық саудагерге ортақ міндет. Жиміс-жидектер арнайы зертханада күн сайын тексеріледі.

Әлия Жунаит, базардың санитарлық бақылау қызметінің өкілі:

- Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау депаратментінің мамандары базарда мұқият болуға кеңес береді. Жыл басынан бері Түркістан облысында 43 улану дерегі тіркелген. Оның бір бөлігі жеміс-жидек, көкөністен ұшынған.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау депаратментінің мамандары базарда мұқият болуға кеңес береді. Жыл басынан бері Түркістан облысында 43 улану дерегі тіркелген. Оның бір бөлігі жеміс-жидек, көкөністен ұшынған.

Бақытораз Елемесов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бд басшысының орынбасары:

- Тұтынушылар талаптардың сақталуына мән бермейді. Сондықтан мамандар жеміс-жидек, көкөністің зертханадан өткен анықтамасын сұрауға кеңес береді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Рауль Ғабитов, Ерболат Әбішов

Хабар 24 телеарнасы