412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пандемия әлі біткен жоқ. Масканы шешпеңіздер - Министр

  • 151
  • UPD: 11:25, 27.05.2020
Пандемия әлі біткен жоқ. Масканы шешпеңіздер - Министр

«Хабар 24» арнасындағы брифингте еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пандемияның қазіргі деңгейін түсіндіріп берді.

«Әлемдегі сарапшылардың, ғалымдардың пікірінше, бұл пандемия әлі біткен жоқ. Қазір ол толқып тұр. Карантиндік шектеулерді сақтаған жағдайда оның беті қайтады, ал егер қауіпсіздік шараларын ұстанбаса қайта өршуі мүмкін. Бұл тек Қазақстанда емес, бүкіл дүние жүзінде солай. Бұған түсіністікпен қарауымыз керек. Сол себепті әрбір адам осы пандемияны тоқтатуға өз үлесімізді қосайық. Санитарлық сақтық шараларын барынша ұстанайық. Бұл ретте маска кию өте маңызды. Сондай-ақ әлеуметтік арақашықты сақтау керек. Жұмыс орындарында және қоғамда өзге адаммен екі ортадағы қашықтық 2 метр болсын. Бұл вирустың әуе арқылы жұғуын болдырмайды», - деді Біртанов.

Хабар 24 телеарнасы