405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында карантиндік режим жеңілдетілді

  • 95
  • UPD: 11:32, 27.05.2020
Алматы облысында карантиндік режим жеңілдетілді

Алматы облысында карантиндік режим жеңілдетіліп, өндіріс орындары, қонақүйлер жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ ұлттық құрама дайындалатын спорттық мекемелер 50 адамға дейінгі стадиондар, коррекциялық орталықтар да ашылды. Бірақ өңірдегі үш әкімшілік аймақта шектеу шаралары алынбады. Бұған не себеп болды екен? Ол туралы қазір тікелей эфирде арна тілшісі Шыңғыс Қалиден айтып береді.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Талдықорғанда карантиндік шектеулер алынбады. Өйткені облыс орталығында індет жұқтырғандардың көрсеткіші бір тәулік ішінде 27%-ке өскен. Сөйтіп, сырқаттанғандар саны 90 адамнан асып отыр. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты шаһарда қауіпсіздік талаптары сол күйінде сақталған. Яғни, мынандай санитарлық бекеттер қалыпты жағдайда қызмет көрсетіп жатыр. Өздеріңіз көріп отырғандай, жауапты мамандар жолаушылардың дене қызуын өлшеп тексеруде. Тиісті құжаты барлар мен жергілікті тұрғындар ғана қала аумағына кіргізіліп жатыр. Бір айта кететін жайт, осыған дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген қаладағы қызмет көрсету мекемелері жабылмайды. «Олардың санитарлық талапты сақтауын арнайы құрылған жұмыс тобы бақылайтын болады», - деді өңірдің бас санитарлық дәрігері.

Қайрат Баймұхамбетов, Алматы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысы:

- Талдықорғанда екі мобильді топ бар. Демалыс күні, сенбі, бүгін, кеше бүгін рейд жасап жүрмін. 370 хаттама толтырылды. Бірақ түсіндіру ғана. Бұдан кейін өрескел бұзушылық болса, сотқа жолдаймыз. Сотта айыппұл салынады. 8 мың теңгеден 555 мың теңгеге дейін. Өрескел бұзушылық болса, объектілердің жұмысы тоқтатылады.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Талдықорғаннан бөлек, Кеген, Талғар аудандарында да карантиндік режим жеңілдетілмеді. Соған сәйкес аталған аймақтардағы және Алматы қаласы мен облыстың өзге өңірлермен шектесетін жерінде тұрған санитарлық бекеттер жұмыс істеуін жалғастыра береді. Жалпы өңірде індет тарауы тоқтап, эпедемиологиялық жағдай тұрақталса, 15 маусымда карантиндік режимді тағы да жеңілдету қарастырылып отыр. Сол кезде тамақтану орындары мен балалардың жазғы сауықтыру лагерьлері ашылмақ. Алайда, сала мамандары тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын барынша сақтауға шақырып отыр. Ауырып емделгенше, сақтанып ауырмаудың жолын қарастырған жөн екенін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы