426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Еліміздегі науқастардың 70%-інде симптомсыз жағдай тіркелген

  • 451
  • UPD: 11:37, 27.05.2020
COVID-19: Еліміздегі науқастардың 70%-інде симптомсыз жағдай тіркелген

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «еліміздің бірқатар өңірінде коронавирус жұқтырған науқастар саны артты» деп хабарлады.

Мысалы, Теніз кенішінде мыңнан аса науқас тіркелді. Құрылыс кәсіпорындары мен әскери бөлімдерде де ауруды жұқтыру деректері жиіледі. COVID-19 вирусын анықтау барысында елімізде 711 мың тест жасалды. Қазіргі уақытта 4653 науқас ем алып жатыр. Олардың арасында 355 бала бар. Сонымен қатар осы науқастардың 85%-інің жағдайы жеңіл деңгейде. Бірақ 543 науқастың жағдайы орташа, ал 58 науқастың жағдайы ауыр. «Бұған қоса, науқастардың 70%-інде симптомсыз жағдай тіркелген», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы