412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы ПД басшылары жазаға тартылды

  • 116
  • UPD: 11:45, 27.05.2020
Алматы ПД басшылары жазаға тартылды

Алматы маңындағы блок-бекетте қаза тапқан полицейлер оқиғасына орай Ішкі істер министрі Алматы қаласы полиция департаментінің басшылығына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, жеке құрам арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуде олқылықтар болған. Тәртіп бұзған қызметкерлерге қатысты дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаған. БАҚ-қа ақпаратты бұрмалап ұсыну фактілеріне де баға берілді. Осының бәрін ескере келе, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Сатаев, Департаменттің кадр саясаты басқармасының басшысы Мырзабеков, жеке құрам бойынша инспекция басшысы Ақылбеков лауазымдарынан босатылды. Ал, жергілікті полиция қызметінің басшысы Саттаровқа, өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Көкірекбаевқа, департамент басшысының орынбасары Нашарбековке қызметіне толық сәйкес еместігі ескертілді. Сондай-ақ департамент басшысының бірінші орынбасары Алмасбековке, бөлім басшысы Әзірбекке қатаң сөгіс жарияланды. Ал, полиция департаментінің басшысы Таймерденовке кемшіліктері үшін қатаң сөгіс жарияланды. 

 

Хабар 24 телеарнасы