428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар «Даму» қорын оңтайландыруды ұсынды

  • 285
  • UPD: 13:53, 27.05.2020
Депутаттар «Даму» қорын оңтайландыруды ұсынды

Мәжіліс депутаттары «Даму» қорының қызметін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пленарлық отырыста Аманжан Жамалов депутаттық сауал жолдады. Айтуынша, бинесті қор арқылы қаржыландыру тиімсіз. Жобаларды іріктеп, несие беретін банктер. Ал, қордың міндеті субсидиялаумен шектеледі. «Сондықтан кәсіпкер мен банк арасында дәнекер қажет емес»,  -дейді депутат. Қорға бюджеттен жыл сайын 770 млн теңге бөлінеді. Штаттық шығыны да аз емес. Мысалы, 2018 жылы әкімшілік шығындары 4 млрд теңгеден асқан. Осы орайда депуттар кәсіпкерлерді «қаржылай қолдау қорының қызметін оңтайландыру керек» деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы