418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бақылау күшейеді

  • 177
  • UPD: 13:59, 27.05.2020
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бақылау күшейеді

Кәсіпорындағы қауіпсіздікке жауапты лауазымды тұлғаның өкілеттілігі артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анығырақ айтқанда, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда ол өз бетінше шешім қабылдай алады. Өндірісті тоқтатуға да құзыры жетеді. Қауіпсіздік талабына сай келмейтін адамдарды жұмыстан шығаруына болады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бақылау күшейеді. Бүгін Мәжіліс тиісті заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Енді бұл саладағы нормалар жетілдіріліп, мемлекеттік қадағалаудың  тиімділігі артады. Сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізетін мекемелердің қызметі реттеледі. Заңдағы өзгерістерге сәйкес қауіпті өндірістік нысандардағы аварияның себеп-салдарын тексеретін ұйымдар мен қомиссияның іс-қимылы нақтыланады. Яғни, мұндай ұйымдардың қызметі де бақылауда болады. Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, жаңа заң жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Уәлихан Қайназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз уәкілетті органға қажетті өкілеттіктер беру арқылы осындай бақылаудың құқықтық негізін бекітеміз. Екіншіден, енді біздің бастамамыз бойынша жарылғыш материалдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттарды дайындауға арналған мобильді және стационарлық қондырғылар қауіпті техникалық құрылғыларға жатқызылды. Осылайша, олардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік қадағалау қалпына келтірілді. Үшінші. Өндірістік процесте жарылғыш материалдарды пайдаланатын ұйымдардың уәкілетті органның бөлімшелеріне оларды есепке алу жөнінде ақпарат беру міндеті бекітіледі.

Хабар 24 телеарнасы