405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семей қаласында өртеніп жатқан пәтерден ер адам құтқарылды

  • 99
  • UPD: 14:20, 27.05.2020
Семей қаласында өртеніп жатқан пәтерден ер адам құтқарылды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Семей қаласында екі қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

Зал бөлмесінде жеке заттар, матрац жанған, ауданы 4 шаршы метр. Сағат 17:20-да №11 ӨСБ-нің өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына бір минуттың ішінде келіп жетті. Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, түтін шығып жатқан пәтер жабық болғандықтан, өрт сөндірушілер оған терезе арқылы ішіне кірді. Барлау кезінде пәтерде 1980 жылы туған ер адам табылды, оны бөлімше командирі Самат Некетаев пен қарауыл бастығы Еркебулан Рахымжанов терезе арқылы шығарды. Зардап шеккен адам жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Өрт сағат 18:12-де толығымен жойылды. Өртті сөндіруге №11 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 11 адам жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі – отпен абайсыз болу және электр жабдықтарының авариялық режимі.

Хабар 24 телеарнасы