405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында шомылу маусымына дайындық басталды

  • 108
  • UPD: 14:32, 27.05.2020
Алматы облысында шомылу маусымына дайындық басталды

Алматы облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары суға шомылу маусымына дайындықты бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы жасақталған сүңгуірлер тобы Қапшағай су қоймасының түбін қалдықтардан тазалауға кірісті. Сондай-ақ су бетінде қалқымалы қауіпсіздік белгілерін де орнатып жатыр. Өңірде шомылу маусымы әлі басталған жоқ. Соған қарамастан жасанды көлге түсіп жатқандар қатары күн санап артып келеді. Осыған орай мамандар демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ерлан Нұрпейісов, облыстық ТЖД бастығы:

- Суға түсу кезінде сақтық шараларын барынша сақтауларыңызды сұраймыз. Әсіресе, құбылып тұрған ауа райын бақылауда ұстау керек.Қауіпсіздік белгілері тұрған жерден аспау керек. Құтқарушылары бар арнайы шомылатын орындарда суға түсу керектігін естен шығармаңыздар.

Хабар 24 телеарнасы