418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық ғалымдар көкөністерді вирусқа қарсы ақуызбен байытуды қолға алды

  • 150
  • UPD: 14:42, 27.05.2020
Отандық ғалымдар көкөністерді вирусқа қарсы ақуызбен байытуды қолға алды

Еліміздегі өсімдіктанушы ғалымдар көкөністерді вирусқа қарсы ақуызбен байытуды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін ауыл шаруашылығы саласындағы өсімдік түрлерінің инфекцияға төзімділігі зерттелген. Нәтижесінде өскемендік ғалымдар картоптың табиғи дәруменін сақтай отырып, ешқандай тыңайтқыш қоспастан түрлі вирусқа төтеп бере алатындай құнарын арттырған. Ғалымдардың айтуынша, көкөністің құрамында биологиялық өзгеріс болғанымен, оның өнімділігі мен тамыры арқылы тұқымға берілетін қорында ешқандай ГМО болмайды. Жобаны Білім және ғылым министрлігі оң бағалап, әрі қарай жетілдіру үшін 60 миллион теңге грант бөлді.

Максим Сутула, Гуманитарлық университеттің ұлттық-ғылыми зертханасы меңгерушісі:

- Жобаның мақсаты – ауылшаруашылығы саласындағы өсімдіктердің табиғи нәрін сақтай отырып, сұрып түрін одан ары нығайту. Менің ойымша, біздің ғылыми жұмысымыз бұл жобаны жаңа деңгейге көтеріп қана қоймайды. Биология саласына жаңа серпін береріне сенемін.

Хабар 24 телеарнасы