428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдегі университеттердің санын екі есе қысқарту керек – саясаттанушы

  • 246
  • UPD: 16:00, 27.05.2020

Диплом сататын жоғары оқу орындарын шетінен жабу керек.

Президент Ұлттық кеңес отырысында осы мәселені тағы көтерді. Қазір Қазақстанда 130-ға жетеғабыл университет бар екен. Белгілі саясаттанушы Саясат Нұрбек «солардың тең жартысын жауып тастаса да, мұртымызды балта шаппайды» деп отыр. Өйткені  олардың көбі бәсекеге қабілетсіз.

Ел билігі ғылым саласын дамытуға да ерекше көңіл бөліп отыр. Алдағы 5 жылда ғылымды қаржыландыру көлемі 7 есеге ұлғаяды. Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі буын өкілдерін ғылымға үйір қылу үшін жауапты министрлік тиісті қадам жасау керектігін айтты. Сарапшылар осыдан кейін сең бұзылады дегенге кәміл сенеді.

Хабар 24 телеарнасы