432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жекеменшік иесі қала орталығындағы ағаштарды кесіп тастады

  • 323
  • UPD: 15:32, 27.05.2020
Петропавлда жекеменшік иесі қала орталығындағы ағаштарды кесіп тастады

Петропавлда біреу қала орталығындағы ағаштарды кесіп, тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімдік қызметкерлері бірден полицияға хабарласып, жердің иесі табылды. Мамандардың айтуынша, теректерді кесуге рұқсат алынбаған. Алайда, екінші жақтың да айтар өз уәжі бар. Тараптардың пікірін аймақтағы тілшіміз Айдарбек Айтмұхамбетұлы тыңдап қайтты.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Қаланың қақ ортасы – халыққа қызмет көрсету ғимаратының алды. Жылдар бойы жайқалып тұрған теректер түбірімен жоқ. Біреу кесіп, осылай тастап кеткен. Тұрғындар «кімнің қолы көтерілді», деп аң-таң.

Әсем Айтолла, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Жер жекеменшік болғасын өз еркімен осы жердегі ағаштардың барлығын кесіп тастады. Оннан астам ағаш. Қазіргі кезде оған қатысты әкімшілік, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл салынады. Сондай-ақ ол қаланы абаттандыру ережелеріне сәйкес бір ағаштың орнына 5 есе өтеу керек болады.

42 соттық жер 2006 жылы жалпы пайдаланудан шығарылып, сатылып кеткен. Иесі дүние салып, мұрагерлікпен баласының атына аударылды. Қазір онымен немересі – Тимур Сәрсембаев айналысады. Оның қолында әкімдік берген рұқсат қағазы бар.

Тимур Сәрсембаев кезінде бұл жерге неке қию сарайын салмақ болған. Бастамасын билік қолдамады. Бірақ артынан «жер жай жатыр» деп сотқа берген. Енді иесі құрылысқа кірісті. Ол үшін ғимараттың жобасын жасап, жер қазып, аумақты қоршауға рұқсат алған.

Тимур Сәрсембаев, жекеменшік иесінің сенімді өкілі:

Қараңыз, бекітілген жоба бар. Мен оны әкімдікке апардым, олар көрді, танысты. Қай жер, қандай нысан болатынын біледі. Тұрғын  үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары сол жерге барып, құжаттарды қабылдады. Неге сонда айтпады?

Бұл жерге сауда әкімшілік ғимараты салынады. Қазір инфрақұрылым тартып жатыр. Тимурдың айтуынша, аумақтан апаттық ағаштар ғана кесілген. Ал, жас талдар басқа жерге отырғызылады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бұл Тимур Сәрсембаевтің әкімдікпен жер бойынша бірінші рет дауласуы емес. Бұған дейін оның жеріне көп қабатты тұрғын үй салынып, өтемақысы төлменбеген. Қазір іс Жоғарғы сотқа қаралып жатыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы