426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында жол сапасы тексерілді

  • 319
  • UPD: 16:36, 27.05.2020
Маңғыстау облысында жол сапасы тексерілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары қоғамдық бақылау өкілдерімен бірге Маңғыстау облысы Батыр ауылындағы жол құрылысына рейд жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеруге тұрғындардың жол сапасына қатысты шағымдары түрткі болған. Мұнайлы ауданына қарасты ауылда 16 мыңға жуық адам тұрады. Көптен бері жөндеу көрмеген ішкі жолдар мәселесі жуырда қаралып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 302 миллион теңге бөлінген еді. Бұл қаржыға қоғамдық көлік көп жүретін, мектеп, емхана сынды маңызды нысандар орналасқан аумақ жолын жөндеу жоспарланды. Бүгінде 15 шақырым жолдың 4 шақырымға жуығы жөнделді. «Бірақ әлі күнге дейін жол активтерін бақылау ұлттық орталығы жол құрылысынан сынама алып, тексермеген», - дейді ведомства өкілдері.

Серік Қаныбеков, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Егер «Жол активтерін бақылау мекемесі» республикалық республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болса, онда жергілікті бюджетке тәуелсіз болар еді. Демек, жұмыстың басталған уақытынан бастап сынама жұмыстарын жасап, әрбір учаскені тексеріп отыратын еді. Осы бюрократиялық байланыстың кесірінен осы уақытқа дейін сынама жұмыстары жүргізілмей жатыр, бақылау жоқ.

Нұрлыбек Жолбаев, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазір арнаулы зертханаларға ұсынысымызды бердік. Бізге бағаларын айтып, келісім-шартқа отыруға. Келісім-шартқа отырғаннан кейін солар арқылы да тексерілетін болады. Қазір мердігер мекеме жеке зертханамен келісімшартқа отырып, алып отыр. Бірақ енді сапасына көзіміз жетуі үшін осындай өзіміздің зертханамен келісімшартқа отырғалы отырмыз. Сол зертхананың қорытындысының негізінде ғана біз жұмысты қабылдап аламыз.

 

Хабар 24 телеарнасы