418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да егістік алқабының 70%-і игерілді

  • 165
  • UPD: 15:33, 27.05.2020
СҚО-да егістік алқабының 70%-і игерілді

Солтүстік Қазақстан облысында егістік алқабының 70%-і игерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл шаруашылығы басқармасының соңғы мәліметіне сай қазір картоп пен кейбір көкөніс түрі егіліп бітуге жақын. Көктемгі дала жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. «Оған ашық күн райы сеп болды», - дейді мамандар. Биыл диқандар қауымы 4 миллион гектардан астам жерге дән сіңірмек. Агроқұрылымдар арзандатылған жанар-жағармай қорымен толық қамтылған. Сонымен қатар оларға 130 мың тонна минералды тыңайтқыш бөлінді. Облыста жыл сайын егін шаруашылығын әртараптандырып, майлы дақылдар көлемі ұлғайтылып жатыр.

Қуандық Шақыбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Биыл 1 млн гектар жерге майлы дақылдар егіледі. Оның үстіне 5 мыңға қарақұмық көбейтіледі. Ол біздің облысқа да жетеді. Басқа облыстарға да сатуға да жетеді.

Хабар 24 телеарнасы