425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ғылымды дамытуға жағдай жасалады

  • 425
  • UPD: 18:01, 27.05.2020

Ұлттық кеңес – келелі істердің бастамасы. Кеңес мүшесі Ауыт Мұқибек бүгінгі жиынды осылай деп бағалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, отырыста тұшымды ойлар айтылды. Ал Мемлекет басшысы білім, ғылым және медицина салаларында қордаланған мәселелерді қозғай білді.

Ауыт Мұқибек,  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

– Абайдың атақты өлеңі бар емес пе «Ғылым таппай, мақтанба» деген. Біз осыған дейін ғылым таппай мақтанып келдік. Құдай бұйырса, осы салалардың өркендейтініне күмәнім жоқ. Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жандандыру керек деді Президент. Мамандардың біліктілігін арттыру, сосын еңбекақы мәселесі.  Еңбeкақысыз еш нәрсе бітпейді. Адамдар алаңсыз жұмыс істеу үшін оның тұрмысы алаңсыз болуы керек. Оның ішінде ғылыммен айналысатындар бар.  Осы салаға бөлетін қаржысы көп болды. Сол қуантып отыр бізді.

Хабар 24 телеарнасы